Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстанның Париждегі Елшілігінде Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» шығармасына арналған қысқа метражды анимациялық фильмнің премьерасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«MPL Culture» компаниясының қолдауымен «Қазақстанның Франциядағы әйелдері» қоғамдастығы ұйымдастырған іс-шараға шет мемлекеттердің елшілері, саяси, академиялық, мәдени және іскер топтардың өкілдері қатысты.
Анимациялық фильмді Ангулем қаласында оқитын Доминика Қыдырбаеваның жетекшілігімен француз-қазақстандық студенттердің креативті тобы жасады. Мәдени іс-шараның аясында Ғазиза Ғабдрахимова қазақ композиторларының шығармаларын ежелгі қобыз аспабында орындады.
Сонымен қатар, алдағы күндері Ренн мен Парижде ұлы ақынның шығармашылығына арналған іс-шаралар өтеді. Осы қалаларда орнатылған Абай ескерткіштерінің жанында жиналып, қазақстандықтар мен оның шығармашылығын сүйетін француз азаматтары ұлы бабамызды еске алып, өлеңдерін оқиды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар