7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Қазақстандағы Ұлттық киноны қолдау орталығы мен Францияның Ұлттық кинематография және анимация орталығы халықаралық Канн фестивалі аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, маңызды қадам қос ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтып, киноиндустрия саласын дамытуға бағытталған.
Меморандум аясында тараптар екі елдің кино өнімдерін өз аумақтарында таратуға қолдау көрсетеді.
Кино өнімдерін шетелде тарату – мәдени әралуандықты ілгерілетудің маңызды факторы. Бұл орайда Франциядағы Ұлттық кинематография және анимация орталығы қазақстандық әріптестерге кино өндірісін халықаралық деңгейде ілгерілетуге қатысты сараптамаларын бөліседі. Бұл – тәжірибе толыстыруға таптырмас мүмкіндік, – дейді Қазақстандағы Ұлттық киноны қолдау орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.
Франция Ұлттық кинематография және анимация орталығы қазақ фильмдерін таратуға, француз фильмдерін қазақ тіліне дубляждауға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?