29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚытайдың BYD компаниясы - әлемдегі ең ірі автокөлік өндірушілерінің бірі - халықаралық автожарыстарға қатысу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Компания «Формула-1» мен төзімділік жарыстары бойынша әлем чемпионатына (WEC) қосылу жолдарын зерттеуде. Бұл туралы Bloomberg агенттігі сенімді дереккөздерге сүйеніп хабарлады.
Мәліметке қарағанда, BYD соңғы жылдары Қытайдан тыс нарықтарда сатылымын едәуір арттырған. Сонымен қатар автоспортта гибридті технологияларға көшу үдерісі күшейіп келеді. Осы бағытта аккумулятор мен электрқозғалтқыш өндірісіндегі тәжірибесі компанияға басымдық береді.
Қарастырылып отырған нұсқалардың қатарында WEC чемпионатына қатысу (оның басты жарысы - әйгілі «24 сағат Ле-Ман» марафоны) және «Формула-1»-ге қосылу бар. Жоба екі түрлі жолмен іске асуы мүмкін: BYD өз командасын нөлден бастап құруы немесе дайын жарыс ұжымдарының бірін сатып алуы ықтимал.
Алайда негізгі кедергі - өте үлкен көлемдегі шығын. Сарапшылардың айтуынша, «Формула-1»-де бәсекеге қабілетті көлік жасап, толық маусым өткізу үшін ұзақ дайындық қажет, ал шығын көлемі бір маусымда шамамен 500 млн долларға дейін жетуі мүмкін.
Соған қарамастан, Халықаралық автомобиль федерациясының (FIA) президенті Мохаммед бен Сулайем қытайлық өндірушінің келуін құптайтынын бірнеше рет айтқан. Оның пікірінше, Cadillac командасынан кейін BYD-тің қосылуы автоспорттың жаһандық дамуының заңды жалғасы болмақ.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек