30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстандық «KÖLEÑKE» (18+) анимациялық жобасы АҚШ-та өткен Portland Festival of Cinema, Animation & Technology (PFCAT) халықаралық фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.
Хоррор-анимацияға берілген арнайы жүлде
«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі түсірген «KÖLEÑKE» фестивальде The DarkCat Award арнайы жүлдесімен марапатталды. Қазылар алқасы туындыны хоррор-анимациядағы өзгеше көзқарасы мен шығармашылық шеберлігі үшін атап өтті. Сондай-ақ жобаның авторлық қолтаңбасы мен визуалды шешіміне жоғары баға берілді.
«KÖLEÑKE» фестивальдің Best Fantasy Animated Short санатында да бақ сынады. Бұл аталымның бас жүлдесі «Hexapod» туындысына бұйырса, қазақстандық жобаға қазылар алқасы жеке арнайы жүлде табыстады.
«KÖLEÑKE» не туралы?
18 жастан асқан көрерменге арналған анимацияның оқиғасы үш қылмыскердің төңірегінде өрбиді. Олар күтпеген жерден тылсым қарғысқа тап болып, мистикалық оқиғалардың ортасында қалады. Осылайша туындыда қылмыстық оқиға мен хоррор элементтері тоғысады.
Қысқаметражды анимация шамамен сегіз минутқа созылады. Жобаны жасауға 40-тан астам аниматор қатысқан.
Сценарий авторы – Ернар Тілеубаев, қоюшы режиссері – Мақсат Аяпов, қоюшы суретшісі – Даир Жиенқұлов, атқарушы продюсері – Нұржігіт Сұлтанберді.
Тағы екі қазақстандық туынды көрсетілді
PFCAT фестивалінің негізгі бағдарламасына «Қазақанимацияның» тағы екі жұмысы енді. Олар – фолк-хоррор жанрындағы «Su perisi» және «Shańyraq» драмасы.
«Su perisi» Best Animated Short Film — Short Form байқау бағдарламасында бақ сынады. Ал Портлендегі көрсетілім екі туынды үшін де халықаралық аудитория алдындағы алғашқы таныстырылым болды.
Осылайша биылғы фестивальде «Қазақанимация» бірден үш жобасын шетелдік көрерменге ұсынып, «KÖLEÑKE» арнайы жүлдемен оралды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды