Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылықтың тұрақты төмендеуі байқалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы 6 жылда аурушаңдық 27%-ға, өлім-жітім 50%-ға төмендеді. 2024 жылы 5,6 млн адам флюорографиядан өтіп, 4016 жағдайда туберкулез анықталды. Диагностикада молекулалық-генетикалық әдістер, Манту сынағы, Диаскинтест және флюорография белсенді қолданылады.
Қазіргі таңда 6380 науқас амбулаториялық ем қабылдауда. Олардың 59,4%-ы емханаларда, 36,9%-ы смартфон арқылы бақыланатын қашықтан емделеді. Көптеген дәріге көнбейтін туберкулезді емдеу мерзімі 18 айдан 9-12 айға қысқарды. 2024 жылы жаңа претоманид препараты қолданылатын 6 айлық қысқа режим енгізілуде.
Қазақстанда туберкулезді емдеу тиімділігі жоғары – дәріге сезімтал түрінде 90%, ал дәріге көнбейтін түрінде 82%. Барлық пациенттер дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген, ал алдын алу шаралары белсенді жүргізілуде.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары