12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік13 қаңтарда FlyArystan әуекомпаниясының Астана – Өскемен бағыты бойынша рейсін ұшуға дайындау кезінде жолаушыларға санақ жүргізіп тұрған бортсерікті жолаушылардың бірі іш тұсынан ұрып жіберген. Мұнан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері мен компанияның авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандары шақырылған. Құжаттарды тексеру барысында деструктивті жолаушы ұшақта бомба бар деген ақпарат берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әуежайдың кинологиялық қызметі дереу жетіп, барлық жолаушылар ұшақтан түсірілген. Сондай-ақ бортсеріктің жағдайын тексеруден өткізу үшін әуежайдың медициналық қызметі шақырылған.
Әуе компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ ішінде жедел түрде мұқият тексеріс жүргізіліп, жарылғыш немесе басқа да тыйым салынған заттар табылмаған.
Бұған дейінгі отырғызу кезінде жолаушы тарапынан қандай да бір деструктивті мінез-құлқы байқалмағанын атап өтеміз. Әуе компания борттағы құқық бұзушыларға қатысты төзімділік танытпау саясатын ұстана отырып, деструктивті жолаушыға қатысты қатаң шаралар қабылдайды. Бортта деструктивті мінез-құлық көрсетуге және ережелерді бұзуға мүлдем жол берілмейтінін және бұл заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз,-делінген мәліметте.
Көлік полициясы департаментінің мәліметінше, бұзақылық және терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер