10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКөлік вице-министрі Талғат Ластаев бүгін Сенаттың кулуарында «FlyArystan» әуекомпаниясының Air Astana-дан біржола бөлініп шыққанын хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кеше (2024 жылдың 3 сәуір күні) FlyArystan пайдаланушының жеке сертификатын алды, сәйкесінше ол жеке тәуелсіз компания болып табылады. Нақтылайтын болсам, компания «Air Astana» компаниясының 100 пайыз еншілесі болып қала береді, - деді Талғат Ластаев.
Айта кетейік, ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі кеше ғана Қазақстанның авиациялық әкімшілігі FlyArystan әуе компаниясын сертификаттаудың барлық 5 кезеңін аяқтағанын мәлімдеген болатын. FlyArystan сертификаттау үдерісін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық инспекторлары Ирландияның авиациялық билігі өкілдерімен тығыз ынтымақтастықта жүргізді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді