Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарFlyArystan әуе компаниясының жұмысынан біршама олқылықтар анықталған. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Болат Сәмбетовтің айтуынша, агенттікке тұтынушылардан FlyArystan әуе компаниясының қызмет сапасына қатысты көптеген шағымдар келіп түскен. Тиісінше ведомство тексеру жұмыстарын жүргізген. Бүгінде тергеу жұмыстары басталды. Егер бағаларды қасақана көтерілгені анықталса, әуе компания билет айналымынан түскен қаражаттың 5%-ын айыппұл ретінде төлеуі тиіс болады. Бұдан өзге негізсіз қосылған сома мемлекет есебіне тәркіленеді.
Нарыққа талдау жасай келе, біз компанияның монополиялық жоғары баға бекіткенін анықтадық. Тергеу аяқталған соң компанияға қатысты тиісті шаралар қолданылады, – деді агенттік төрағасының орынбасары Сенат комитетінің кулуарында.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?