Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Флорида штаты университеті кампусында болған оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2025 жылғы 17 сәуірде Флорида штаты университетінің кампусында атыс болып, қайғылы жағдай болды. Соңғы мәліметтер бойынша, аталған оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алды.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ орын алған жағдайды мұқият бақылауда ұстап отыр және осы университетте білім алып жатқан қазақстандық стипендиаттармен тұрақты байланыс орнатқан.
Қазіргі таңда Флорида штаты университетінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында 4 стипендиат білім алуда: оның 3-і магистратура, 1-і докторантура бағдарламасы бойынша. Барлық стипендиаттар аман-есен, жергілікті билік органдарының нұсқауларын бұлжытпай орындап отыр. Біз студенттерімізге дер кезінде ақпарат беріп, қауіпсіздік шараларын сақтағандары үшін алғыс білдіреміз.
Оқиғаға байланысты университет басшылығы барлық оқу үдерісін және іс-шараларды уақытша тоқтатты. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ АҚШ аумағында жүрген барлық стипендиаттарға сақтық шараларын қатаң сақтауды, сергек болуды және күмән тудыратын жағдайлар орын алса, дереу орталықпен байланысқа шығуды сұрайды, - делінген мәлімдемеде.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова