23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан әлемге әйгілі Диснейленд ойын-сауық саябағында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қара түтін Уолт Диснейдің Дүниежүзілік демалыс орталығының үстінен көтеріліп, бірнеше шақырымнан байқалды.
Fox 35 телеарнасының хабарлауынша, өрт “World Showcase” аймағындағы Француз павильонының артқы жағында басталған. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі — салқындатқыш құрылғылардың біріндегі ақау болуы мүмкін.
Оқиға орнында дереу әрекет еткен саябақ қызметкерлері жүздеген келушіні шұғыл эвакуациялаған. Бұл әрекет адам шығынын болдырмауға және жарақаттану жағдайларының алдын алуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта өрт сөндіру қызметі оқиға орнында жұмыс істеуде. Қосымша мәліметтер мен себептер тергеу нәтижесінде нақты анықталады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік