13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАналар күніне орай астаналық тұрғындар аулада мереке ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, «Мадрид» тұрғын үй кешенінің кішкентай тұрғындары аналарына арнап ерекше флешмоб пен шығармашылық нөмірлер ұйымдастырды. Өз кезегінде аналар балаларға сүйікті тағамдарынан дастархан жайды.
Ана болу өте керемет. Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен – аналар. Ананың міндеті өте жоғарғы деңгейде еленеді. Барлық аналарды, әжелерді барлық елдерде тойланып жатқан аналар мерекесімен құттықтаймын! - деді көпбалалы ана Баян Тайжанова.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, іс-шараның мақсаты - қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту және аналардың адам өміріндегі маңызды рөлін еске салу.
Аналар күні Қазақстанда мамыр айының екінші жексенбісінде аталып өтеді.
Бұл мереке ана болудың маңыздылығын, аналарды құрметтеуді және олардың қоғамдағы рөлін атап өтуге арналған. Сондай-ақ осы бағытта Неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды