Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыФитосанитариядағы қате саясаттың кесірінен елімізге 8 жаңа ару кіріп кеткен. Мәжілістегі Үкімет сағатында Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев осындай дерек айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа піскен жемістер мен көкөністің бәріс тәуекелі жоғары карантиндік өнім болып есептеледі. Ішкі нарықты қалайда толықтыру жарысында фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері назардан тыс қалып жатыр. Осындай саясаттың салдарынан тек соңғы жылдары республикада аурулардың сегіз жаңа түрі тіркелді. Атап айтқанда, «америкалық ақ көбелек», «азиялық мұртты қоңыз», «картоптың бозғылт жұмыртқасы» және басқалар. Бұл дегеніміз – енді мәңгілікке, - деді Серік Егізбаев.
Мәжіліс депутаты тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары бойынша да республика импортқа тәуелділік бар екенін атап өтті. Оның мәліметі бойынша, былтыр импорт көлемі 38,5 млрд теңге болған.
Комитет төрағасы тұқым шаруашылығындағы аграрлық ғылымның жай-күйіне де тоқталды.
Осы салада сәтсіз эксперименттердің легі бітпей жатыр. Соның салдарынан ғылыми кадрларды, жылдар бойы жинақталған ғылыми тәжірибені жоғалтып жатырмыз. Отандық аграрлық ғылымды қаржыландыру мен қолдау жүйесінің мәні қалмады.Үкіметке бұл жерде де ахуалды түзету үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет, - деді Мәжіліс депутаты.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары