13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЕлімізде фитнес индустриясы мамандарына қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын айқындайтын «Фитнес-клубтардың қызметі» кәсіби стандартының жобасы әзірленді. Құжатты әзірлеуге Қазақ ұлттық спорт университетінің өкілдері де қатысты.
Жаңа стандарттың мамандар даярлау жүйесіндегі маңызы туралы Қазақ ұлттық спорт университетінің Академиялық қызмет департаментінің директоры Нұргүл Есмағұлова айтып берді.
Фитнес-клубтар қызметінің кәсіби стандартын қабылдау – тек сала үшін ғана емес, маман даярлау жүйесі үшін де маңызды қадам. Қазақ ұлттық спорт университеті аталған құжатты әзірлеуге белсенді атсалысып, фитнес индустриясы өкілдері мен білім беру саласының мамандары бас қосқан кәсіби талқылауға алаң ұсынды. Біз үшін бұл құжат – еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлаудағы негізгі бағдар, – деді Нұргүл Есмағұлова.
Кәсіби стандартта фитнес индустриясындағы негізгі мамандықтарға қойылатын біліктілік талаптары айқындалған. Атап айтқанда, фитнес-нұсқаушы, фитнес-жаттықтырушы, топтық бағдарламалар жаттықтырушысы, шебер-жаттықтырушы, фитнес бағытының әдіскері және фитнес-орталық директоры сияқты мамандарға қойылатын талаптар қарастырылған.
Әр мамандық бойынша еңбек функциялары, қажетті білімі, біліктілігі мен кәсіби дағдылары белгіленген. Бірыңғай талаптар мамандарды даярлау, олардың кәсіби құзыретін дамыту және біліктілігін бағалау жүйесін қалыптастырады.
Нарыққа қандай кадрлар қажет екенін – жаттықтырушылардан бастап басқару саласының мамандарына дейін – нақты түсінуіміз керек. Осыған сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын, пәндерді және мамандарды даярлау тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырамыз», – деді Нұргүл Есмағұлова.
Демек, алда кез келген адам фитнес-жаттықтырушы бола алмайды. Арнайы кәсіби білім мен еңбек өтілі қатаң түрде қаралады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды