Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыFitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты», деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлардың қатарында – рейтингі ұқсас елдер арасындағы орташа көрсеткіштен едәуір асатын және елдің қаржылық икемділігін қамтамасыз ететін қуатты сыртқы буферлер қалып отыр.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық активтері мен ресми алтын-валюта резервтері ЖІӨ-нің 38% баламасына жетті, бұған инвестициялардың 8,4% деңгейіндегі кірістілігі және алтын бағасының өсуі ықпал етті.
Сарапшылар мұнай саласына тәуелділікті біртіндеп азайтуға ықпал ететін көлік және жаңартылатын энергия сынды секторларды дамыту бойынша жасалып жатқан қадамдарды айтты.
Бұған қоса, Агенттік кең ауқымды қайталама санкциялар салудың салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін атап өтті.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар