Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБокстан әлем чемпионы болған Фируза Шәріпова ММА алаңындағы екінші айқасын өткізді, деп хабарлайды El.kz.
Қазақстандық боксшы 18 қараша Алматыда өткен Octagon 37 аралас жекпе-жек турнирінде әзербайжандық Гүнел Әмірбековамен октагонға шыққан болатын.
Аса жеңіл салмақтағы айқас үш раундқа шақталғанымен, бірінші раундта-ақ қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Ол тұншықтыру әдісімен қарсыласынан басым түсті.
Бұл - Фризаның екінші жеңісі болса, Гүнелдің спорт карьерасындағы үшінші жеңілісі.
Еске салайық, биылғы 29 шілдеде Фируза Шәріпова ММА-да дебют жасады. Ол бірінші раундта ресейлік Карина Ондасынованы буындыру әдісімен жеңді.
Фирузаның кәсіпқой бокстағы жетістіктеріне келсек, ол IBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы болды.
Ал өткен жылдың желтоқсанында «абсолютті» чемпион атағына таласты, бірақ жеңіліп қалды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары