Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚытайдан әкелінген пандаларды бағып келген Финляндияның Эхтяри қаласындағы зообақ банкротқа ұшырағаннан кейін небәрі 1 еуроға сатылды. Бұл туралы Yle телерадиокомпаниясына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, бұл сома салықты қоспағанда есептелген және оған жер мен ғимараттарды жалға алу құқығы, сондай-ақ жануарлар мен құрал-жабдықтарға иелік ету құқығы кіреді.
Зообақтың жаңа иелері – бұрынғы және қазіргі қызметкерлер. Олар бірлестік құрып, жануарларды күтіп-баптау жауапкершілігін өз мойнына алды және мекеменің жұмысын жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, қазан айының басында зообақ әкімшілігі келушілер санының азаюынан туындаған қаржылық қиындықтарға байланысты банкроттық туралы өтініш берген. 1973 жылы ашылған бұл зообақ – әлемдегі ең солтүстік зообақтардың бірі және Финляндия бойынша аумағы жөнінен екінші орында, оның жер көлемі 60 гектарды құрайды.
Пандалар Эхтяриге 2018 жылы, Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің елге сапарынан кейін бір жыл өткен соң жеткізілген болатын. Алайда 2024 жылдың қарашасында жануарлар Қытайға қайтарылды. Зообақ өкілдері мұны бірнеше себеппен байланыстырды, олардың негізгісі – мекеменің ауыр қаржылық жағдайы екендігін атап өтті.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар