Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыФинляндияда екі азаматтық Robinson-44 тікұшағы бір-бірімен соқтығысып, жерге құлады. Бұл туралы Yle басылымына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Оқиға Эура аэродромы маңында болған. Екі тікұшақ та орманды аумақтан табылған, олар бір-бірінен небәрі 100 метр қашықтықта құлаған.
Эстониялық Postimees газетінің мәліметінше, әр тікұшақта үш адамнан болған. Жолаушылар қатарында – эстониялық кәсіпкерлер Олег Синаялг пен Прийт Яагант бар.
Бір тікұшақта Mapri Ehitus компаниясының басқарма мүшесі Прийт Яагант әйелімен бірге болған, ал екінші тікұшақта жел турбиналары бизнесімен айналысатын Олег Синаялг отырған, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта олардың тағдыры белгісіз.
Тікұшақтардың біреуі Австрияда, екіншісі Эстонияда тіркелгені де хабарланған.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар