Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекФинляндия Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ) жаяу әскерге қарсы миналарды қолдануға тыйым салатын Оттава конвенциясынан шығатыны туралы ресми түрде хабардар етті. Бұл туралы Финляндия Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Финляндия 2025 жылғы 10 шілдеде Оттава конвенциясынан шығу туралы ресми құжатты ұсынды. Бұл шешім 2026 жылғы қаңтарда күшіне енеді. Сонымен қатар, Финляндия конвенцияның гуманитарлық мақсаттарын қолдауды жалғастыра береді, – делінген хабарламада.
Министрлік өкілдері бұл шешімнің Финляндияның халықаралық құқық шеңберіндегі өзге міндеттемелеріне әсер етпейтінін де атап өтті.
Финляндияның бұл конвенциядан шығу мәселесі 2024 жылдың қарашасында көтерілген болатын. Ол кезде мұндай бастамалар Польша мен Балтық елдерінде де талқыланған. Президент Александр Стубб Финляндияның шығу ықтималдығын Ресей тарапынан төнуі мүмкін қауіппен байланыстырған еді.
1999 жылы күшіне енген Оттава конвенциясы жаяу әскерге қарсы миналарды қолдануға тыйым салады. Қызыл Крест Халықаралық Комитетінің мәліметінше, мұндай миналар бейбіт тұрғындарға елеулі зиян келтіреді.
Айта кетейік, Ресей бұл конвенцияға қосылмаған, әрі жаяу әскерге қарсы миналардың ірі қорына ие. Сондай-ақ Сауд Арабиясы мен Израиль де бұл келісімге қол қоймаған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?