Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Заң және Тәртіп» нарративі аясында Қаржылық мониторинг агенттігі Білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырған ауқымды FinIQ акциясы еліміз бойынша шамамен 3 миллион қатысушыны - мектеп оқушыларын, студенттерді, ересек азаматтарды және қаржылық мониторинг субъектілерінің қызметкерлерін біріктірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қатысушылар қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімдерін тексеріп, 20 сұрақтан тұратын интерактивті тесттен өтті. Тестте «дроптар деген кімдер?» немесе «қаржылық пирамиданы қалай тануға болады?» сияқты базалық ұғымдардан бастап, жеке деректер мен қауіпсіз онлайн-төлемдерге қатысты күрделі жағдайларға дейінгі сұрақтар қамтылды.
Нәтижесінде әр өңірден 10 жеңімпаздан, барлығы 200 адам марапатталып, олар дипломдар, сертификаттар және бағалы сыйлықтарға ие болды.
Жеңімпаздардың бірі — Астана қаласындағы №92 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы Әділхан Қошымбаев өз әсерімен бөлісті: «Диктантқа қатысу қызықты әрі пайдалы болды. Мен ақшаны дұрыс пайдалануды және алаяқтардан қалай қорғану керектігін үйрендім. Бұл білім маған болашақта міндетті түрде қажет болады деп ойлаймын».
Қаржылық мониторинг субъектілерінің қызметкерлері тесттің кәсіби тұрғыдан пайдалы болғанын атап өтті — ол білімнің өзектілігін тексеруге және қаржылық тәуекелдерді анықтау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
FinIQ жобасы қоғамның қаржылық сауаттылыққа деген жоғары қызығушылығын көрсетті және бұл бағытты үйренудің тартымды әрі қолжетімді бола алатынын дәлелдеді.
Қаржылық диктант жыл сайын өткізіліп, қазақстандықтардың қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімін арттыруға бағытталған дәстүрге айналмақ.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары