28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСоңғы уақытта отандық киноматография төңірегінде бірқатар талқылаулар жиілеп, жағдай қоғам назарын аударып отыр. Әсіресе фильмдердегі бейәдеп лексика, қатігездік көріністері және жас санатына қатысты талаптар төңірегінде туындаған сұрақтар көпшілікті алаңдатты.
Осыған байланысты el.kz тілшісі кино саласындағы соңғы оқиғаларға қатысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ресми сауал жолдаған еді. Ведомство жолдаған жауапта фильмдерді реттеу тетіктері, «Ауру» фильміне қатысты шешімдер және жаңа заң жобаларындағы нормалар жөнінде кеңінен түсініктеме берілді.
Министрліктің ресми түсіндіруінше, қазіргі таңда киноөнімдердегі фильмнің сапасына қойылатын талаптарды күшейту бағытында жұмыс жүріп жатыр. Прокаттық куәлік берілгенге дейін алдын ала прокаттық сараптама жүргізу үшін фильмнің прокаттық нұсқасының сұрату (ұсынылған материалдар жеткіліксіз жағдайда), прокаттық куәлікті беру мерзімін 7 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін ұлғайту, ведомство жанынан тәуелсіз эксперттік комиссия құру жоспарлануда. Комиссия фильмдердің мазмұнын сараптап, заң талаптарына сәйкес жас санатын анықтайды және прокаттық куәлік беру мәселесін шешеді.
Тілшіміз қойған сауалдардың бірі – «Ауру» фильмінің «18+»-тен «21+» санатына ауысуына қатысты болды.
Министрлік берген ресми ақпарат бойынша:
Министрлік жауабында жаңа заң жобасында қарастырылып жатқан нормалар қатарында 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салу ұсынысы бар екені де көрсетілген. Бірақ мессенджерлерге осы тыйым таралмайды. Бұл қадам халықаралық тәжірибеге сәйкес дайындалып жатқан және балалардың онлайн ортадағы қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.
Қазір бұл норманың техникалық тетіктері профильді мамандармен бірге талқыланып жатыр.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?