23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБұл туралы Еуропа–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлім етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мамандардың мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Минданао аралындағы Бутуан қаласынан (халқы шамамен 309 мың адам) 94 шақырым шығыста, ал ошағы 59 шақырым тереңдікте орналасқан. Қазіргі уақытта құрбандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Еске салайық, 10 қазан күні таңертең Филиппин аумағында 7,4 магнитудалы күшті жер сілкінісі тіркелген болатын. Сол күні кешке тағы да 6,8 балдық жер асты дүмпулері сезілді.
Филиппин сейсмологтары осы оқиғалардан кейін 700-ден астам афтершок болғанын хабарлады. Табиғи апаттан ең қатты зардап шеккен өңірлер — Шығыс Давао, Шығыс Самар, Оңтүстік Лейте және Солтүстік Суригао провинциялары. Бұл аймақтарда цунами қаупі жөнінде ескерту жарияланған еді. Сол апаттың салдарынан жеті адам қаза тауып, ондаған тұрғын жарақат алған.
Айта кетейік, 1 қазан күні Себу провинциясында болған жойқын жер сілкінісі кезінде 72 адам қаза тауып, 294 тұрғын жараланған болатын.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады