6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘлеуметтік желілерде ауыр қылмыс бойынша Филлипин соты Билл Гейтсті COVID-19 қарсы вакциналармен жасалған «қасақана кісі өлтіргені» үшін қамауға алу туралы ордер бергені туралы ақпарат тарады. Бұл өтірік. Бұл туралы stopfake.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Билл Гейтстің қамауға алуға берілген ордер туралы мәлімет желіде 2023 жылдың наурыз айында шыққан. Бұл ақпарат бірден жоққа шығарылды.
Билл Гейтстің ресми өкілі Factcheck.org порталының тілшілеріне былай деп хабарлады:
Филиппин соты COVID-19 қарсы вакцинаны қолдануға байланысты Билл Гейтсті қамауға алу туралы халықаралық ордер берді деген мәлімдеме жалған.
Stopfake.kz мәліметінше, Филиппинде ауыр қылмыс бойынша сот деген жоқ. Демек ол ешқандай ордер бере алмайды.
Филиппин Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында вакциналар бұл COVID-19 алдын алудың тиімді және қауіпсіз әдісі екендігі туралы мақалалар бар. Яғни Филиппин соты Билл Гейтсті тұтқындауға ордер бергені туралы ақпарат жалған, - делінген мәліметте.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі