Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астана қаласында көркем гимнастикадан FIG дәрежесіндегі халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлемдік күнтізбеге енген халықаралық турнирде отандық спортшылардан бөлек, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Әзербайжан және бейтарап елдің көркем гимнастшылары келді.
Халықаралық көркем гимнастика федерациясының жарысын қабылдау талаптары жоғары. Біріншіден, спорт кешенінің биіктігі, жарығы, 3 мың адам сиятын орындығы және басқа да бірнеше көрсеткішке лайық болуы шарт. Екіншіден, осы деңгейдегі турнирді өткізгенде кемінде 5 ел қатысуы тиіс. Өкінішке қарай, соңғы сәтте Египет елі келуден бас тартты. Үшіншіден, тек біздің Alem академиясында электронды табло бар. Бұл да жарыстың ірі деңгейде ұйымдастыруылуына әсер етеді, - деді Әлем халықаралық көркем гимнастика академиясының басшысы Әсем Бақытжанқызы.
Жарыста бұра тартушылық болмау үшін төрешілердің 50% отандық, 50% Иран, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Әзербайжан, бейтарап елден келді.
22-24 наурыз күндері өтіп жатқан халықаралық турнирде 150-ден астам спортшы бақ сынауда. Олар 2006-2008 жылғы және 2008 жылдан кейін дүниеге келген жасөспірімдер бірнеше жүлде бойынша сайысады.
Жарыстың бірінші күні спортшылар шығыршық және доп сайысы бойынша іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Ал жеңімпаздар 24 наурызда анықталады.
Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгiн, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік