23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кездесуде қазақстандық делегация еліміздегі бұқаралық футболды дамыту жобасын ұсынды. Жобада футболды насихаттау, дайындық және жарыс жүйелері, сонымен қатар футбол инфрақұрылымын жақсарту мәселелері де қамтылған.
Президент Джанни Инфантино сол жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан футбол федерациясына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар қазақстандық футбол мамандарына арналған білім беру процесін ұйымдастыруда ФИФА-ның техникалық командасы көмек көрсететінін жеткізді.
Тараптар ФИФА мен ҚФФ ынтымақтастығы аясында Қазақстан аумағында ФИФА іс-шараларын өткізу, сонымен қатар Орталық Азия футбол қауымдастықтарының өзара қарым-қатынасын жақсарту сұрақтарын талқылады.
Осы сұрақтарды әрі қарай талқылау мақсатында ФИФА басшысы Джанни Инфантино Қазақстан келуге дайын.
«Бүгін ФИФА басшысымен маңызды кездесу өтті. Күн тәртібінді екі негізгі сұрақ қойылды. Балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамыту. Біздің мақсатымыз әр қазақстандық үшін бұқаралық футболдың қолжетімді болуы, әуесқой футболшылардың санын ұлғайту және елімізде футболды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Біздің бастамаларымызды қолдап, ұсынылған жобаларымыздың болашағына баға бергені үшін Джанни Инфантиноға алғысымызды білдіреміз», - деді ҚФФ Президенті Әділет Барменқұлов.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік