22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыОрталық Азия медиа форумында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында біршама жоспарлар қабылданды. Кезекті панельдік сессияда жалған ақпаратардың таралуын азайту аясында кешенді заңнама қабылдануы мүмкін екені мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желі - еркін ақпарат тарату платформасы. Медианы жаңа кезеңге көшіруде, медиа саласының даму тенденциялары мен перспективаларын зерттеу қажет. Спикерлер фейк ақпараттары бойынша пікірлерімен бөлісті.
«Фейк базалық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Адамды сана сезімі арқылы бағындыру оңай. Себебі эмоция адамнан адамға тез жұғады. Ақпараттық соғыстың алдын алу үшін киберқауіпсіздікті дамыту қажет. БАҚ өкілдері жедел түрде жалған емес ақпаратты таратып үлгерулері арқылы біршама қақтығыстардың алдын ала алады. Қауіпті жаңалықтарды ұстап қалудың бес бағыты бар. Соның ең маңыздысы - бір сағат ішінде антифейк беру. Вирус сияқты таралатын әлеуметтік желілерде әрбір қолданушы өзін журналист ретінде сезіне бастаған. Бізге жаңа заңнамалық негіз құру керек» - дейді Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, киберқауіпсіздік саласының маманы Андрей Манойло.
Түркия мемлекетінің белгілі саясаттанушысының айтуынша, бүгінде 19 млн адам әлеуметтік желіде отырады. Олар дәстүрлі медиадан қарағанда әлеуметтік медиаға сенім артады. Бұл ретте дәстүрлі медиа контингентін жоғалтып жатыр деген ой түюге болады.
«Қазір медиаға сенім деңгейі төмендеп барады. Әлеуметтік желілерде таралатын жаңалықтардың барлығы дерлік фейк болуы мүмкін. Дегенмен оларды тексеру жұмыстары ақсап тұр. Жаңа заңнамалық негіз құру арқылы жалған ақпараттардың легін азайта аламыз. Ресми ақпараттар жарыққа шықпай тұрып, жаңалықты таратуға рұқсат етілмеуі қажет. Ақпараттық соғыс ынтымақтастыққа қарсы құрал. Оның алдын алмаса, геосаяси жағдай қиындауы мүмкін» - деді Куршад Зорлу.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев