Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚарағанды облысының әкімдігі ферроқорытпа зауытындағы тергеу барысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік мәліметінше, сегіз адам зардап шеккен Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін еңбек заңнамасы шеңберінде арнайы комиссия құрылды. Оны еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Мұрат Қарақекілов басқарды. Комиссия құрамына барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілді.
Оқиға орны тексерілді, жазатайым оқиғаның куәгерлеріне сауалнама жүргізілді, техникалық құжаттамамен танысу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жұмыс облыс басшылығының үнемі бақылауында, - делінген мәліметте.
Оқиға фактісі бойынша ферроқорытпа зауытында ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске салсақ, біз бұған дейін YDD Corporation ферроқорытпа зауытындағы №1 пештен кенеттен жалын шығып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алғаны туралы жаздық. Солардың алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар