Фермерлерді субсидиялаудың жаңа жүйесі іске қосылады

1 Шілде 2022, 08:22 1415

Енді субсидиялау бойынша барлық мемлекеттік қызмет электронды форматта және тегін көрсетіледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың жаңа жүйесін әзірледі, деп хабарлайды El.kz.

Енді субсидиялау бойынша барлық мемлекеттік қызмет электронды форматта және тегін көрсетіледі. Фермерлерден қосымша ақы алынбайды.

Қазір өтінім берілген сәттен субсидия төленгенге дейін көрсетілетін қызметтерді техникалық пысықтау аяқталды.

– 2022 жылғы 1 шілдеде жүйе іске қосылады және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тіркеуге дайын болады, - деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қызмет алушылар үшін бірыңғай 1475 нөмірі іске қосылды. Сондай-ақ пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін телеграмм-чат – https://t.me/gosagrozapusk құрылған.

Бөлісу: