23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Премьер-министр фермерлерді қажетті көлемде қолжетімді тыңайтқыштармен қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көктемгі дала жұмыстарында агротехнологияларды қатаң сақтап, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын уақтылы қолдану керек. Әзірге ол жоспардың 59%-ын құрап отыр. Министрдің айтуынша, 2023 жылы аталған көрсеткіш 21%-ды құраса, былтыр 40%-ға жеттік, биыл 59%-ға дейін жеткіземіз. Алдағы жылдары біз 100%-ға жетуіміз керек, – деп атап өтті премьер-министр.
Елімізде тыңайтқыш шығаратын 10-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді.
Егіншілерді қолжетімді тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Өнеркәсіп министрлігінің жұмыстарын үйлестіру қажет, — деп тапсырды Олжас Бектенов.
Тағы бір маңызды мәселе – ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы бүгінде шамамен 75%-ды құрайды.
Жаппай егін егу жұмыстары басталғанға дейін бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу тапсырылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік