29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТуризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов көше сыпырып күнелтіп жүрген танымал спортшы Айсара Керімбекованың жағдайына назар аударды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство басшысы бұл мәселеге қатысты Самбо федерациясы жедел әрекет етпегенін сынады.
Осы күнге дейін 100-ден астам федерацияға қордан қаражат беріліп келген. Апамызды осындай жағдайға жеткізгеніміз бір бөлек, бір ай болды, жасалып жатқан әрекет өте төмен. Осы жерде Самбо федерациясының өкілдері, Алматы қаласының басқарма басшылары бар ма?
Бізде үлкен жетістікке жетіп, ел намысын асқақтатқан аға-әпкелеріміз бар, олар көп емес, ендеше неліктен соларға қолдау көрсетпейміз? Федерация өкілдері өңірлерді аралап, дайындық әдістемелерін жасауы керек. Егер осы жұмыстарды атқармаса, ол федерациялардың бізге не керегі бар? - деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық спорттың дамуына елеулі үлес қосқан, самбодан әлемнің екі дүркін жүлдегері Айсара Керімбекова туралы "Қолына сыпырғыш ұстаған әлем чемпионы кім?" атты материал жариялаған болатынбыз.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек