23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАуыр атлетикадан нәтижеміз күн сайын жақсарып келеді. Жарыстың алғашқы күні Маргарита Елисеева бесінші орын, кеше Арли Чонтей төртінші орын алып еді, енді міне Харки үштікке ілінді.
Фархад жұлқа көтеру сайысын үшінші болып аяқтады. Ол алдымен 135 келіні көтерді. Одан соң 140 келіге екі рет тапсырыс берді. Бірақ көтере алмады. Нәтижесінде 135 келімен жұлқа көтеру сайысын үшінші болып аяқтап, кіші қола жүлдеге ие болды.
Ал серпе көтеруде жерлесіміз 170 келіні көтеріп, қос сайыстың қорытындысы бойынша 305 келімен қола жүлдегер атанды.
Алтын жүлдені колумбиялық зілтемірші (320 келі) Оскар Фигероа алса, күміс медаль индонезиялық спортшы Эко Юли Ираванға (312 келі) бұйырды.
Осылайша, Қазақстан құрамасына үшінші жүлде түсті. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов күміс, Галбадрах Отгонцэцег қола медаль еншілеген еді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады