23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАталған сыйлықты жыл сайын жолаушылар арасында сауалнама жүргізу арқылы зерттеу жүргізетін «Skytrax» компаниясы тағайындайды.
«Эйр Астана» төрт жұлдызды рейтингке ие болып, бесінші мәрте «Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік әуе компаниясы» атанды. Сондай-ақ, компания «Орталық Азия мен Үндістан бойынша борттағы ең үздік қызмет көрсету» аталымында осымен төртінші рет жеңіске жетіп отыр. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кеше Ұлыбританиядағы халықаралық Фарнборо әуе-ғарыштық салонында өтті.
«Skytrax» компаниясының сыйлығы әлемдегі ең беделді марапаттардың бірі болып саналады. 200-ден астам әуе компанияларының әлеуетін бағалайтын зерттеу 10 айға дейін созылады. Жолаушылардың пікірі телефон арқылы не онлайн-режимде сұралады. Бұл ретте әуе компанияларының қызмет көрсету сапасы, сайтындағы ақпараттардың түсініктілігі, сайтқа тіркелу жылдамдығы, беретін тамағы, орындықтардың ыңғайлылығы, салонның тазалығы, ойын-сауық жүйесінің деңгейіне баға беріледі.
«Эйр Астананың» президенті Питер Фостер компанияның бесінші рет жеңімпаз атанғанына зор қуанышты екенін білдірді. «Сауалнамада бізге өз даусын берген барлық жолаушыларымыздың қолдауын жоғары бағалаймыз. Алдағы уақытта қызмет көрсету саласында ең жоғары стандарттарға ұмтылатын боламыз» деді Фостер.
Биыл мамыр айында «Эйр Астана» әуе компаниясының жұмыс істей бастағанына 14 жыл толды. Өткен жылы компанияның кірісі рекордтық көрсеткішке жетті. Астанадан Грузияға, Оңтүстік Кореяға жаңа бағыттар ашылып, Ұлыбританияға ұшатын қосымша рейс іске қосылды. Сондай-ақ, «Air France-KLM», «Bangkok Airways», «Hong Kong Airlines» компанияларымен кодшерингтік келісімдерге қол қойылды. Бизнес-класс деңгейіне дейін көтерілетін «MyUpgrade» атты жаңа қызмет те іске қосылды.
Айбота ӨТЕУЛІ
Суреттер ғаламтордан алынды
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады