1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБүгін EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Украин елі Ұлттық күнін атап өтті. Салтанатты шара Ту көтеру салтанатымен басталды.
Украинаның стенді орналасқан «Жібек жолы» павильонына дейін мерекелік шеру өткізілді. Павильонның алдына келушілерді ұлттық киім киген украиндық өнерпаздар көңілді қарсы алды.
Көрмені тамашалауға келген меймандар үшін Украина Президенті Петр Порошенко мен Киев мэрі Виталий Кличко бейне жолдауа арқылыс сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға табыс тіледі.
Келесі кезекте Украинаның Ұлттық рекорды – рушник сүлгісінің тұсау кесері өтті. Ал, мәдени бағдарлама аясында «Kozak System» тобының концерті көрермендерін таң қалдырды. «Kozak System» (бұрынғы Гайдамаки) ұжымы – бұл бірегей мықты музыкалық формация. Олар тыңдармандарына украиндық әрі балқандық музыканы рок стилімен үндестіріпе, панк, сөз энергиясы сондай-ақ әрбір музыкалық аспаптың «жарылыс» күшін жеткізуге талпынды. Украин өнерпаздары «Kozak System» концерті арқылы аудиториямен сол мезеттегі диалог құрып, би түріндегі ерекше көрінісі мен әсерлі соло және қайталанбас сахналық бейнелерімен ерекшеленді.
Украиндықтар үшін EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі «Шығармашыл адамдардың энергиясы» атты ұранмен өткізілуде. Көрмеге Украинаның энергетика саласындағы жетекші компаниялары қатысуда.
32 шаршы метр аумақты алып жатқан Украина павильионының басты жетістігі – Syneko ғылыми-өндірістік кәсіпорыны өндірген қондырғы болды. Келушілердің назарына ұсынылған замануи қондырғы күн сәулесі арқылы 2 тонна суды жылытуға қауқарлы. Мұндай технологияны ойлап тапқан автор ғылыми-өндірістік кәсіпорынның директоры Согоконь Александр.
Бүгін де Syneko ғылыми-өндірістік кәсіпорыны күн сәулесінің жылуы арқылы суды жылытуды үш негізі әдіс бойынша жүзеге асыруда,- дейді Согоконь Александр. Біріншісі күн коллекторлары арқылы болса, екінші әдіс түтікшесі бар вакуумды коллекторлары, ал үшіншісіне күн концентраторларын пайдаланамыз.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Украинаның Ұлттық күнін мерекелеу әйгілі режиссер Владимир Джиджораның идеясымен жүзеге асты. Тағы бір айта кетерлігі, бүгінгі керемет жобаға Украина мемлекет бюджетінен соқыр тиын да шығармапты, барлық шығынды демеушілер көтерген.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?