Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕуропалық Комиссия Цифрлық қызметтер туралы заңды бұзғаны үшін TikTok-қа қарсы іс қозғады. Атап айтқанда, платформа кәмелетке толмағандарды зиянды контенттен қорғау үшін жеткілікті түрде жұмыс істеп жатқанын тексереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinfom-ге сілтеме жасап.
Бүгін біз TikTok ашықтық пен кәмелетке толмағандарды қорғау міндеттемелерін бұзды деп күдіктеніп, оған қарсы тергеу процестерін бастап жатырмыз, – дейді Еуропа комиссары Тьерри Бретон.
ЕО-да 17 ақпанда Сандық қызмет туралы заң (DSA) күшіне енді және құжат барлық онлайн платформаларға қатысты. TikTok-қа иелік ететін қытайлық ByteDance компаниясы DSA ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танылса, компания әлемдік кірістің 6 пайызына дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуі мүмкін.
Тергеу TikTok жүйесінің дизайнын, оның ішінде мінез-құлыққа тәуелділікке әкелетін әсерін тудыратын алгоритмдерді зерттейді.
Еуропалық Комиссия сондай-ақ TikTok кәмелетке толмаған балаларды құпиялылық, қауіпсіздік және қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тиісті және пропорционалды шараларды қабылдаған ба, жоқ па, соны қарастырады. Сонымен қатар, тергеу TikTok өз платформасындағы жарнамалардың сенімді дерекқорын қамтамасыз етуін де тексереді. Осылайша зерттеушілер ықтимал онлайн тәуекелдерді зерттей алады.
Бұл Еуропалық комиссияның DSA аясында цифрлық платформаларға қарсы бастаған екінші тергеуі. Өткен жылдың желтоқсанында реттеуші X әлеуметтік желісіне (бұрынғы Twitter) оны заңсыз контентті жою, ашықтық және жалған ақпаратпен күресу бойынша еуропалық стандарттарды бұзды деп айыптап, тергеу бастаған еді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?