13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз10 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы күрес күніне орай Еуропа Кеңесі мен Еуропалық одақ Қазақстанның өлім жазасын жою туралы шешімін құптады, деп хабарлайды El.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы мәселе туралы Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы мен Еуропалық одақтың Жоғарғы өкілі ұйымның сайтында жарияланған бірлескен мәлімдемесінде мәлім етті.
«Біз барлық жағдайда өлім жазасын алып тастаған Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттерді (соның ішінде ЕО мүше мемлекеттерді) құптаймыз... Өлім жазасын әлі де қолданатын мемлекеттер санының тұрақты азаюы осы қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және тиімсіз жазадан бас тартудың жаһандық үрдісін растайды», - деп құжатта жазылған.
«ЕО мен Еуропа Кеңесі Қазақстанның бүкіл әлемде өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялауын жоғары бағалайды», - деп бірлескен мәлімдемеде атап айтылған.
Мәлім болғандай, 2021 жылғы 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды.
Сонымен қатар, 2022 жылғы 5 маусымда өткен референдумде еліміздің азаматтары Конституцияға өзгерістер енгізуді, оның ішінде өлім жазасын алып тастау туралы бапты бекітуді қолдап дауыс берді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды