30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКлиматтың өзгеруіне байланысты өлімге әкелуі мүмкін саңырауқұлақтар Еуропа аумағына таралуы ықтимал, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Independent басылымы Манчестер университетінің ғалымдарына сілтеме жасап хабарлады. Жаңа зерттеу нәтижелері климаттық өзгерістердің салдарынан бұған дейін қауіп төндірмеген аймақтарда да саңырауқұлақ инфекцияларының таралу қаупі артып отырғанын көрсетеді. Ғалымдар Aspergillus тұқымдасына жататын саңырауқұлақтарға ерекше назар аударып отыр. Бұл микроорганизмдер адам ағзасында, әсіресе тыныс алу жолдарында ауыр аурулар туындатуы мүмкін.
Зерттеуге сәйкес, 2100 жылға қарай осы тұқымдасқа жататын ең қауіпті түрлердің бірі — Aspergillus fumigatus — климаттың жылынуына байланысты таралу аймағын 77%-ға дейін кеңейтуі мүмкін. Бұл тек Еуропаның өзінде 9 миллионға жуық адамның денсаулығына қатер төндіреді. Аталған саңырауқұлақтар үшін ең қолайлы көбею температурасы — 37 градус Цельсий, бұл адам денесінің қалыпты температурасына сәйкес келеді. Осы ерекшелік оларды адам ағзасына оңай бейімделетін аса қауіпті патогендер қатарына қосады. Ғалымдар алдағы онжылдықтарда инфекциялық аурулардың таралу картасы күрт өзгеруі мүмкін екенін айтады.
Мәселе тек адам денсаулығымен шектелмейді. Кейбір түрлері, мысалы Aspergillus flavus, ауыл шаруашылығы үшін де үлкен қауіп төндіреді. Ол дәнді дақылдарға залал келтіріп, егістік өнімдеріне кері әсер етуі мүмкін. Ғалымдар бұл саңырауқұлақ түрінің таралу аумағы Солтүстік Қытай, Ресей, Скандинавия және Аляскаға дейін кеңеюі мүмкін екенін болжайды. Ал бұрынғы мекендейтін аймақтар – Африка мен Бразилияда климаттық өзгерістер оның тіршілігіне кері әсер етіп, экожүйелердің табиғи теңгеріміне нұқсан келтіруі ықтимал.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды