23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСенат отырысында Еуропа қайта құру және даму банкін құру туралы заң жобасы талқыланды. Аталған банк өз жұмысын Африка және Ирак елдеріне кеңейтпек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаржы вице-министрі Даурен Кеңбеилдің сөзінше, бұл бірінші кеңейту емес, 2006 жылы Моңғолияға, 2012 жылы Жерорта теңізі елдеріне кеңейткен.
Ендігі кезекті кеңейту Африка мен Ирак елдерінде болмақ. Африка елдеріне Дүниежүзілік банктің әдістемесі бойынша 45 мемлекет енеді. Соның ішінде 45 мемлекеттің алты мемлекеті Еуропа қайта құру және даму банкіне кіру үшін өз ұсыныстарын берді. Біз осы банкке кіретін 72 акционердің біріміз. Яғни банктер осы елдерге өз жұмысын кеңейту үшін біз өзіміздің рұқсатымызды беруіміз керек болып жатыр, – деді қаржы вице-министр.
Африка 1 млрд-қа жуық халқы бар әлеуеті жоғары материк. Аталған банктердің осы елдерге өз жұмысын кеңейтуі еліміздегі отандық бизнестің әлеуетін көтеруге мүмкіндік бермек.
Өздеріңіз білетіндей, былтыр Конго, тағы басқа Африка мемлекеттерінің президенттері елімізге жұмыс сапарымен келген болатын. Біз осы Африка елдерімен өз ынтымақтастығымызды инвестиция және басқа жағынан да одан әрі нығайтуға ниеттеніп отырмыз, – деді қаржы вице-министрі Даурен Кеңбеил.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады