20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘлем чемпионатының ширек финалынан танымал командалар тыс қалып, бұл көптеген сарапшы үшін күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тарихтағы ең ауқымды клубтық әлем чемпионатына қатысқан 32 команданың 12-сі Еуропадан еді. Жасанды интеллект бағалауынша, «Зальцбургті» есептемегенде, олардың 11-і турнирдің басты фавориттері саналған.
Алайда топтық кезеңнен кейін-ақ «Атлетико» (Мадрид), «Порту» (Португалия) және «Зальцбург» (Австрия) жарыстан шығып қалды.
1/8 финалда төрт еуропалық клуб өзара кездесті, ал қалған бес команда өз жұбында фаворит ретінде саналған болатын.
Плей-офф кезеңінің алғашқы айналымы аяқталмай жатып, Еуропа тағы үш өкілінен айырылды: «Бенфика» «Челсиге» жол берді, «Интер» бразилиялық «Флуминенседен» күтпеген жерден жеңілді, ал «Манчестер Сити» Сауд Арабиясының «Әл-Хилялімен» болған тартысты матчта жеңіліп қалды.
Ширек финалға жолдама алғандар қатарында қазір «Челси», ПСЖ және «Бавария» бар. 1/8 финалдың қалған матчтарынан кейін оларға «Реал» мен «Ювентус» арасындағы матч жеңімпазы қосылады. Сондай-ақ Германияның «Боруссия» мен Мексиканың «Монтеррей» арасындағы матч нәтижесіне қарай тағы бір команда анықталады.
Клубтық әлем чемпионатының ширек финал жұптары:
«Флуминенсе» (Бразилия) - «Әл-Хиляль» (Сауд Арабиясы)
«Палмейрас» (Бразилия) - «Челси» (Англия)
ПСЖ (Франция) - «Бавария» (Германия)
«Реал» (Испания) - «Ювентус» (Италия) матчының жеңімпазы мен «Монтеррей» (Мексика) - «Боруссия» (Германия) матчының жеңімпазы.
Мадридтің «Реалы» мен Туриннің «Ювентусы» арасындағы ойын бүгін, 1 шілде күні, Астана уақытымен 23:55-те басталады. Қазақстандық телеарналар бұл ойынды тікелей эфирде көрсетпейді.
Клубтық әлем чемпионатының 1/8 финалындағы соңғы матч 2 шілде күні, Астана уақытымен 05:55-те өтеді. Бұл ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, сондай-ақ трансляция арна сайты арқылы қолжетімді болады.
Ал Қазақстан премьер-лигасында қандай жаңалықтар болып жатқанын мына сілтеме арқылы көре аласыздар.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?