Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖаппай кибершабуыл салдарынан Еуропаның бірқатар әуежайлары, соның ішінде Германиядағы халықаралық Берлин-Бранденбург әуежайы (BER) техникалық ақауларға тап болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ақпаратқа сәйкес, жұма күні кешке хакерлер жолаушыларды тіркеу мен ұшаққа отырғызу жүйелерін қамтамасыз ететін еуропалық қызмет жеткізуші компанияға шабуыл жасаған. Соның салдарынан Берлин-Бранденбург әуежайы аталған жүйелерден ажырауға мәжбүр болды. Бұл жағдай жолаушылардың тіркеу мен отырғызу кезінде ұзақ уақыт күтуіне және рейстердің кешігуіне әкелуі мүмкін.
Әуежай әкімшілігі: «Берлин әуежайы кибершабуылдың тікелей нысанасы болған жоқ, тек жанама зардап шекті», – деп мәлімдеді.
Аталған қызмет жеткізушінің жүйесін Еуропаның көптеген әуежайлары қолданады. Салдарынан Брюссель әуежайы рейстерге елеулі әсер ететінін ресми сайтында хабарласа, Лондондағы Хитроу әуежайы да техникалық ақауларға байланысты кешігулер болуы мүмкін екенін ескертті.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек