15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?2025 жылы электромобильдер нарығы жаңа қарқынға шықты. Benchmark Mineral Intelligence мәліметінше, қараша айының өзінде әлем бойынша 2 миллионнан астам электромобиль сатылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ал жыл басынан бері сатылған көліктер саны 18,5 миллионға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға артты.
Ең жоғары өсім Еуропада байқалды. Қарашада электромобильдер мен гибридтердің сатылымы бірден 36 пайызға ұлғайды. Қаңтар–қараша аралығында өңірде 3,8 миллион көлік сатылып, жалпы өсім 33 пайызды құрады. Ұзақ уақыт бойы құлдырауда болған Франция нарығы алғаш рет оң көрсеткішке шығып, Volkswagen Group пен Renault модельдерінің есебінен сатылым 1 пайызға өсті. Ал Италияда жаңа мемлекеттік қолдау бағдарламасы іске қосылып, бір айда 25 мыңға жуық электромобиль сатылып, рекорд тіркелді.
Солтүстік Америкада жағдай күрделірек. АҚШ-та сатылым қазан айымен салыстырғанда аздап артқанымен, 2025 жылдың күзінде федералды салықтық жеңілдіктер тоқтатылғанға дейінгі деңгейге жете қойған жоқ. Kia, Hyundai және Honda секілді жекелеген брендтер өсім көрсетіп отыр, алайда нарықтың жалпы қалпына келуі баяу жүріп жатыр.
Әлемдік электромобиль нарығының басты тірегі болып отырған Қытайда да өсім сақталды. Қараша айында сатылым жылдық есепте 3 пайызға артса, жыл басынан бері 11,6 миллион электромобиль сатылған. Бұл — 2024 жылмен салыстырғанда 19 пайызға көп.
Экспорт көлемі де айтарлықтай ұлғайды. BYD компаниясы қарашада шетелге рекордтық 132 мың электромобиль жөнелтті. Брендтің Еуропадағы сатылымы төрт еседен аса өссе, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Америка нарықтарында да сұраныс күшейген.
15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд