23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПремьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкичті қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ мәліметінше, сұхбат барысында тараптар қазақ-еуропалық ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын толыққанды талқылап, ағымдағы жылғы биік және жоғары деңгейде жоспарланған екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесін қарастырды. Халықаралық және өңірлік күн-тәртібінің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
М.Нұртілеу Қазақстанның Еуропалық одақпен стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілділігін ерекше атап өтіп, сауда және инвестиция, көлік-логистика, аса маңызды шикізат, цифрландыру секілді ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды.
Сонымен қатар Еуроодақтың Қазақстан азаматтары үшін визалық режимін жеңілдету мәселесіне ерекше назар аударылды. Тараптар бұл бағыттағы келіссөздерге дайындықты жалғастыруға қатысты берік ұстанымын растады.
Өз кезегінде А.Симкич өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын құптап, екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға күш салуға дайын екенін білдірді.
Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша байланыстарды жалғастыруға келісті.
Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық әріптесі. Ағымдағы жылғы қаңтар-қараша аралығында тауар айналымы 44,2 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,7%-ға артты. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына еуропалық инвестицияның көлемі 180 млрд долларға жетті.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады