Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕуропалық химиялық агенттік (ECHA) этанолды қатерлі ісік тудыруы мүмкін заттар қатарына қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл шешім қабылданса, этил спиртін медициналық мекемелерде пайдалану шектелуі ықтимал. Бұл туралы Financial Times газетіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, 10 қазанда агенттіктің жұмыс тобы ішкі ұсыным жариялаған. Онда этил спирті жүктілік кезінде асқынулар мен қатерлі ісік қаупін арттыратын улы зат ретінде көрсетілген.
ECHA-ның биоцидті заттарды зерттеу жөніндегі комитеті 24-27 қараша аралығында отырыс өткізіп, этанолды адам денсаулығына қауіпті зат ретінде ресми түрде жіктеу мәселесін талқылайды. Кейін бұл ұсыныс Еуропалық комиссияның қарауына жіберіледі, ол соңғы шешімді қабылдайды.
Financial Times атап өткендей, спирт негізіндегі дезинфекциялаушы құралдар бүгінде Еуроодақта қауіпсіз деп танылған және 1990-жылдардан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының негізгі дәрілік заттар тізіміне енгізілген.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады