22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕуроодақ жаңа автомобильге іштен жанатын қозғалтқыш орнатуға толық тыйым салу жоспарын 2035 жылдан 2040 жылға шегереді. Олар автоөндірушілер мен кәсіподақтар қысымын және қазіргі нарық жағдайын ескеріп, осындай шешім қабылдаған. Жаңа ереженің ресми мәтіні 17 желтоқсанда жариялануы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бірнеше жылдан бері жергілікті автоөндірушілерді зиян газ шығаратын дәстүрлі мотордан бас тартуға мәжбүрлеуді жоспарлап келеді. Құжатқа бірнеше рет өзгеріс енді. Жылына мың данадан аз машина шығаратын компаниялар мен синтетикалық отынмен жұмыс істейтін қозғалтқышқа жеңілдік жасалды.
Бұл шешімге Германия билігі түрткі болған деседі. Олар неміс автокомпаниялары жабылып қала ма деп қауіптенеді. Электрокарға толық көшуге орасан зор инвестиция қажет, бірақ қазір Еуропада батареялы көліктердің саудасы ойдағыдай емес, бұл қарқынмен оған құйған қаражатты жақын арада қайтару қиын. Салдарынан ұлттық экономиканың негізгі тірегі саналатын автоөндірушілер үлкен шығынға ұшырап, жұмыссыздар көбеюі ықтимал.
Жаңа жоспарда гибрид автомобильдің қандай орын алатыны белгісіз, бірақ инсайдерлер бұл технологияға ерекше басымдық берілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев