23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ аумағында TikTok-қа шектеу енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл туралы Politico-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Себебі Еуроодақ елдері TikTok Lite-тің қолданушыларға кері әсерінен қауіптенеді.
«Мұны жоққа шығара алмаймыз», – деді Урсула фон дер Ляйен Маастрихтте өткен дебат кезінде. Ол Еурокомиссия қызметкерлеріне TikTok-ты жұмыс телефондарына орнатуға тыйым салған алғашқы ұйым екенін алға тартты.
Сәуірде Еурокомиссия TikTok Lite-ты тергеу аясында TikTok басшыларына баяндама жіберген. TikTok Lite түрлі тапсырмалар орындаған адамдарға ақшалай сыйлық алуға мүмкіндік береді.
Еурокомиссия бұл қолданушылардың желіде неғұрлым көбірек уақыт өткізуіне әсер етіп, нәтижесінде тәуелділік тудыруы мүмкін деп санайды.
Бұл Еурокомиссияның жыл басынан бері TikТok-қа қатысты екінші ресми тергеуі.
Естеріңізде болса, 24 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден TikTok-қа тыйым салу туралы заңға қол қойған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік