Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыМаңғыстау облысындағы бес жерасты мешіті ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енді. Бұл туралы Euronews телеарнасының «Modern Nomads» бағдарламасында айтылды.
Тізімге Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан епе жерасты мешіттері енгізілген. XII–XVIII ғасырлар аралығында қалыптасқан бұл тарихи орындар Қазақстанның рухани және мәдени мұрасының маңызды бөлігі саналады.
Жартастарды қашап жасалған мешіттер ғасырлар бойы құлшылық ету орны ретінде пайдаланылып, жолаушыларға аялдайтын мекен болған. Бүгінде бұл қасиетті орындарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдерден зияратшылар келеді.
Аталған мешіттердің тарихы сопылық дәстүрмен, Қожа Ахмет Ясауи ілімімен және халық арасында сақталған әулиелер туралы аңыздармен тығыз байланысты. Олар өңірдің діни тарихын, сәулет өнерін және жергілікті халықтың дүниетанымын танытатын бірегей тарихи ескерткіштер саналады.
Euronews телеарнасының «Modern Nomads» бағдарламасы осы бес мешіттің тарихына, жергілікті тұрғындардың сеніміне және қасиетті орындарды келер ұрпаққа сақтап қалу бағытындағы жұмыстарға назар аударды.
Мешіттердің ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі Маңғыстаудың тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде танытуға және өңірдің рухани туризм әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді