Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыФутболдан жастар арасында 2025 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің қорытынды матчында Қазақстан құрамасы Алматыда Шотландияны қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан сапынан негізгі құрамда мына ойыншылар алаңға шықты: Анарбеков, Кургин, Широбоков, Жұмаханов, Қасаболат, Қалмырза, Айманов, Назымханов, Кенжебек, Абдулла, Свиридов.
Ойынды қонақтар ширақ бастаған, алайда 30-минутта Айбар Абдулла есеп ашып, жанкүйерлерді қуантып қойды. Бірінші тайм осы есеппен аяқталды. Екінші кезеңде Леннон Миллер таразы басын теңестірсе, Дейн Маррей айып алаңында ереже бұзып, алаңнан қуылды. Ал Әділбек Жұмаханов пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Көп ұзамай Ян Труфанов есепті 3:1-ге жеткізсе, Жереми Мюллен есеп айырмасын қысқартты - 3:2.
Осылайша, Қазақстан құрамасы тоғыз ұпай еншілеп, В тобында бесінші орынға жайғасты.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары