6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерУЕФА Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың голын Еуро-2024 іріктеу турындағы үздік голдар атағына үміткерлер қатарына қосты. Бұл туралы Prosports.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұйымның ресми сайты номинация бойынша Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің қарашадағы матчтарының төрт голын ұсынды. Тізімге кірген Чесноковтың алғашқы голы Сан-Марино құрамасының қақпасына соғылған еді.
Сондай-ақ әзербайжандық Эмин Махмудов (Швецияның екінші голы), фин Даниэль Хокинстің голы (Солтүстік Ирландия) және француз Килиан Мбаппенің голы (Гибралтарға соққан үшінші гол) үздік гол авторы атағына үміткер.
Номинанттарға ашық дауыс беру УЕФА ресми сайтында өткізіледі. Еуро-2024 іріктеуінің қорытынды матчын Қазақстан құрамасы Словения құрамасымен сырт алаңда өткізеді. Кездесу 21 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 01:45-те басталады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі