Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕуропа чемпионатының жартылай финалында Англия мен Нидерланд құрамалары кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Есепті ойынның жетінші минутында нидерландтық жартылай қорғаушы Хави Симонс ашты. Ал 18-минутта ағылшын шабуылшысы Гарри Кейн пенальтиде мүлт кетпей, таразы басын теңестірді.
Ойын тең дәрежеде өрбіп жатқан. Қос құрама да өткір шабуылдар ұйымдастыра білді. Тіпті 79-минутта Букайо Сака ағылшындарды есепте алға шығарған. Алайда төреші араға уақыт салып бұл голды есепке алай қойды. Өйткені Кайл Уолкер офсайдта қалып кеткен екен. Дегенмен Англия дегеніне жетті. 90-минутта Олли Уоткинстің шірене тепкен добы Нидерланд қақпасынан табылды.
Енді Англия финалда Испаниямен кездеседі.
Еуро-2024 финалы 15 шілдеге ауған түні өтеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары