22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБүгінгі Сенат отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Арман Өтеғұловтың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа барлығы 32 түзету енгізіледі. Түзетулер техникалық реттеуге, санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантиндік фитосанитарлық шараларға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, тарифтік емес реттеуге, бәсекелестікке, мемлекеттік сатып алуға қатысты.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа негізгі түзетулер мынадай:
Бірінші, мүше мемлекеттер елдерінің Еуразиялық экономикалық одақ Бірыңғай тізбесінде жоқ зиянды организмдерге қатысты шұғыл фитосанитариялық шараларды қабылдау мүмкіндігі енгізілуде. Екінші, ұлттық электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тану нормалары енгізіледі. Үшінші, Еуразиялық үкіметаралық кеңеске тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін мүше мемлекеттердің бірлескен іс-қимыл бағдарламасын бекіту құқығы беріледі. Төртінші, тауарларды әкелу/әкету кезінде рұқсат құжаттарын алу процесі жеңілдетіледі, - деп атап өтті сенатор.
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 4- тармағына сәйкес Парламент Мәжілісі қабылдаған «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мақұлдауды ұсынады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев