15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары«Еуразия жүрегіне саяхат» халықаралық экспедициясы Қазақстандағы бағдарламасын Ақтөбе облысынан бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, экспедицияның мақсаты – еліміздің тарихи-мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныту.
Бағдарламаның алғашқы күнінде қатысушылар Ақтөбе қаласында болып, өңірдің мәдениетімен, дәстүрімен танысты. Делегация құрамы Мартөк ауданындағы панто-емдік санаторийге барып, табиғи емдік ресурстар мен сауықтыру туризмі бағытындағы мүмкіндіктерге қанықты.
Келесі күні экспедицияның ресми ашылу рәсімі өтті. Қатысушылар этномәдени іс-шараларға қатысып, этноауыл экспозициясын аралады. Сондай-ақ киіз үйдің сәулетімен, салт-дәстүрмен, қолөнер бұйымдарымен танысып, ұлттық тағамдардан дәм таты, - делінген мәліметте.
Бұдан бөлек экспедицияға қатысушылар үшін ұлттық спорт түрі – көкпардан көрсетілім ұйымдастырылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуымен мәдени концерт өтті.
Айта кетейік, «Еуразия жүрегіне саяхат» халықаралық экспедициясы Мәскеу қаласынан басталған. Екі ай ішінде қатысушылар 8 мың шақырымнан аса жол жүріп, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріндегі 30 қалаға барады. Қазақстан аумағындағы маршрут елдің оңтүстігі мен батысындағы негізгі мәдени және туристік бағыттарды қамтиды. Олардың қатарында Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз және Алматы қалалары бар.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады