28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБиыл Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қытайдағы филиалы ашылады. Онда химия және биология саласындағы мамандар даярланады. Аспан асты елінің студенттеріне өз елінің аумағынан шықпай, ЕҰУ дипломын алуға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, тиісті келісімге ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов пен Нанниньск педагогикалық университетінің президенті Ли Чуанки қол қойған. Тараптар Қытайда Еуразия ғылыми-технологиялық институтын бірлесіп құруды көздеп отыр. Алғашқы қабылдау және студенттерді бакалавриат деңгейінде оқыту аспан асты елінде биылдан бастап жүзеге асады.
Қытай студенттері үшін өз елдерінің аумағында ЕҰУ дипломын алуға мүмкіндік беріледі. Біздің ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы Наньнин қаласына барып, оқу процесінжүргізеді. Біз ынтымақтастықты дамытуға және өз тәжірибемізді ҚХР-дағы әріптестерімізбен бөлісуге ниеттіміз, – деді ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.
Айта кетейік, Қытайда бірлескен институтты ашуға дайындық жұмыстары 2 жылға созылған. Биология ғылымдары, химия және қолданбалы химия салаларында жаһандық білім беру бағдарламалары әзірленді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?